Тақырыбы: «Барельеф техникасындағы көбелек»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану арқылы көбелектің бейнесін жеткізе білу.

Міндеті:

- Балаларды көбелектердің алуан түрлілігімен таныстыру

- Қол моторикасын дамыту

- Қызығушылықты дамыту. Жабайы табиғатқа деген қызығушылық пен қамқорлықты тәрбиелеу.

2022 жылғы 5 қазанда «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі, психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты аурулары бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде барельеф техникасындағы «Көбелек» тақырыбы бойынша педагог Валл Н.А. сабақ өткізді. Сабаққа 8 бала қатысты.