Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: сурет, эссе, видео, хор, ансамбль, вокал, ашық хат, қолөнер, шешендік сөздер, аспапта ойнау және хореография.
Байқау қорытындысы бойынша «Сурет әліппесі» студиясының тәрбиеленушілері Иманалинова Айжан, Кугабаева Амира, Хатипова Анна, Исмукашева Аруна, Басен Айлана, Коваль София, «Палитра» студиясының тәрбиеленушілері Безрученкова Вивека, Герр София, Гуленкова Анна, Нестерова Алина, Семендерова Дарина 1 дәрежелі лауреаттар атанды. Оларға қатысқаны үшін дипломдар мен сертификаттар берілді.
Студияның жетекшілері Голубева Т.И. мен Валл Н.А. байқауды өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар және «Үздік жетекші» номинациясы бойынша диплом табысталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық жеңістер тілейміз!
#әлеуметтікпедагогикалықбағыт
#социальнопедагогическоенаправление
#балаларжылы
#годдетей
#копдмонрк




