Семинарға Қостанай облысының қосымша білім берудің 32 педагогі қатысты.

Қонақтар үшін пленарлық отырысты қамтитын ауқымды бағдарлама қарастырылды. Жітіқара ауданы білім бөлімінің басшысы М.И. Бимағамбетова, "Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы" директорының міндетін атқарушы Ж.М. Исмурзинова алғы сөзбен шықты. Жұмыс жүйесі туралы Кубанская И.А. айтты. Ан Алина, Данияр Байбулов ашық микрофон ұйымдастырды. Сондай-ақ, Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері өздерінің жобалық жұмыстарын ұсынды. Марина Супатаева кинооператор мамандығы туралы айтып, Абылғазы Жәнел өз жобасын ұсынды. Семинардың жұмысы ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарға қатысуды да қамтыды. "Туризм әліпбиі" квестін "Туризм әліпбиі" студиясының жетекшісі И.П. Романович өткізді. Осыдан кейін домбыра туралы аңыздың театрландырылған қойылымы ұсынылды. "Орда" пікірсайыс студиясының жұмысы туралы жетекшісі Туйганова Балшекер айтып берді. Семинар спикерлерге сертификаттар табыстаумен аяқталды. Балалар шығармашылық үйінің әріптестеріне және қонақтарымызға жемісті және сапалы жұмысы үшін көп рахмет!!!

WhatsApp Image 2025 04 30 at 17.52.00 WhatsApp Image 2025 04 30 at 17.52.05 WhatsApp Image 2025 04 30 at 17.52.05 8 WhatsApp Image 2025 04 30 at 17.52.05 9

WhatsApp Image 2025 04 30 at 17.52.07 1 WhatsApp Image 2025 04 30 at 17.52.10 1