Балаларға жаз - қызықты, ашық ауада көңілді ойындарға, түрлі көңілділерге толы ең қуанышты, еркін уақыт.

Бүгін 6 тамызда Балалар шығармашылық үйінің педагогтері балалармен «Жайдарлы жаз» деп аталатын асфальтта сурет фестивалін өткізді.

Балалар біздің іс-шараға қуана келді, онда олар сурет салды, ойнады, биледі және спорттық эстафетаға қатысты.

Барлығы 25-ке жуық бала болды. Іс-шара соңында барлық балаларға медальдар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

5 6 7