Балалар шығармашылық үйінде 28 наурызда облыстық "Алтын қазына" көрмесінің аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

Алты номинация бойынша Балалар өнер мектебінің, Балалар шығармашылық үйінің, №4 жалпы білім беретін мектептің, Гимназияның, Пригородный жалпы білім беретін мектептің, Ырсай негізгі орта мектебінің, №12 жалпы білім беретін мектептің, Абай атындағы мектеп-лицейінің сәндік-қолданбалы бағыттағы жұмыстары ұсынылды.

 Белгіленген сағатта қазылар алқасының құзыретті мүшелері өз қорытындыларын шығара бастады. Олардың жұмысы күрделі болды, өйткені ұсынылған жұмыстар керемет сапада, шексіз қиялмен, нағыз өнер туындысы деп аталу құқығымен орындалды.

 

 5431655766009440282 5431655766009440283 5431655766009440345