2022 жылғы 24 қарашада мектеп пен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Чудеса Осени» тақырыбында жыл сайынғы халықаралық эссе, суреттер, фотосуреттер және қолдан жасалған қолөнер байқауының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушысы «Халықаралық тәрбиешілер мен зияткерлік балалар ғылымдар академиясы» ҚҚ болып табылады. Аталған байқауға Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі» КММ-нің үш тәрбиеленушісі Алексеева Анастасия, Тургумбаева Виктория «Волшебный клубок» студиясының тәрбиеленушісі, (жетекшісі Бажал Е.Г.), «Лепка из глины» студиясының тәрбиеленуші Тулебаева Сабина (жетекшісі Жигайлова В.С.) қатысып, 1 орынға ие болды.




