«Егер күнтізбеде ештеңе болмаса және жан тыныштығы болмаса, онда сіз кішкене мереке ойлап тауып, оны мерекелеуіңіз керек, әйтпесе бұл мүлдем қызық болмайды!» деп бір ұлы ғалым айтқандай.

Сондықтан 2023 жылдың 2 наурызда мұғалімдер, тәрбиеленушілер, ата- аналар ең дарынды, ең эмоционалды, ең ерекше жас әртістерге арналған «Даңқ минуты» атты ерекше концерттің куәсі болды!

Іс-шара 3 номинация бойынша өткізілді: вокал, хореография, көркем сөз.

Бағалау критерийлері:

  • Нөмірдің өзіндік ерекшелігі;
  • Орындаушылық шеберлік деңгейі;
  • Сыртқы түрі;
  • Сахналық қойылым;
  • Композициялық шешімі;
  • Көркемдік мәнерлілік.

Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың өзіне деген сенімділік, мақсаттылық, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Міндетті:

  • Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • Мәдени демалысты ұйымдастыру;
  • Педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Қатысушылар: байқауға педагогтер, оқушылар, ата-аналар қатысады.

Өткізу шарттары: әр студия таңдау бағыттарының бірінде көркемөнерпаздар нөмірін дайындайды (қалауы бойынша студия бірнеше нөмір дайындай алады – әр бағыт бойынша бір нөмір).

Байқаудың бағыттары:

  • Хореография;
  • Вокал;
  • Көркем сөз (проза, өлең, монолог, көрініс).

Мереке барысында оқушылар көрерменді таңқалдырып, қуантып, көптеген таланттарын көрсетті: әр түрлі тақырыптағы қызықты хор және жеке әндер шырқалды, жас оқырмандар көркем шығармаларды шабыттандырып оқыды, бишілер би нөмірлерін асыға орындады, сахнадан көріністер көрерменді қуантты.

«Даңқ минуты» байқауының жеңімпаздары:

«Көркем сөз» номинациясы бойынша:

 1 орын – «Этюд» студиясы, Домнышева Виктория, Шафигулина Алсу – «Артистка»;

 2 место – «Сурет әліпбиі» студиясы, Дюйсембаева Дарина;

 3 место – «Саздан мүсіндеу» студиясы, Тулембаева Сабина», «Детство»;

 «Вокал» номинациясы бойынша:

1 орын – «Сурет әліпбиі» студиясы, Голубева Т.В., Иманалинов Ерасыл - «Мама»;

2 орын – «Гармония» студиясы, «Едем в соседнее село» вокалдық тобы;

3 орын – «Гармония» студиясы, Даушева Айнелла, Сарбасова Аружан, Ибраимова Дарина: «Под утро».

 «Хореография» номинациясы бойынша:

1 орын – «Арабеск» студиясы: «Модерн» биі;

2 орын – «Ана-тілі» студиясы, Бостынец Олеся: қазақ биі;

3 орын – «Этюд» студиясы, Задорожная Варвара, Супатаева А.В. «Сансара».

Әр студияның іс - шараға қатысқаны қуантады, оқушылар бір-бірінің әр түрлі жасына қарамастан жеңіске ұмтылды!!

Бұл іс-шара біздің студияларда қандай керемет, қызықты, жан-жақты балалар айналысып жүргенін көрсетті.

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1