«Ризашылық - мейірімділік бұлағы» мәдени - білім беру жобасын іске асыру аясында Жітіқараның Балалар шығармашылық үйінде «Мейірімділік шеберханасы» жұмыс істеді.

Онда балалар мен ересектер қызғалдақ гүлін жасады, тамаша әуен шырқалды, ән айтты, жұмыс барысында барлығы бір-біріне жағымды сөздер айтты.

Себеттер толған кезде біз көшеге шығып, әр адамға жақсы тілектер айтып, келе жатқан Алғыс айту күнімен құтықтап, гүл сыйладық. Алғыс айту күні - барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке, бұл-республиканың барлық халықтарына құрмет көрсету, достықты, мейірімділікті, сүйіспеншілікті нығайту күні. Халықтар достығы-бұл Қазақстанды көптеген басқа мемлекеттерден ерекшелендіретін дәстүр.

Асқарлы қарлы шың,
Аялаған ән құсым.
Туған жер армысың,
Саған мың алғысым!

https://youtu.be/U-RIWRaloOc

https://www.instagram.com/reel/Co4kqADAJM1/?igshid=MWMzM2Q4ZmE

1