"Таңдау сізде" микс-алаңы өз жұмысын бастады, оның негізгі мақсаты биылғы жылы кәсіптік бағдарлау жұмысы болып табылады. Біздің балаларымыз маңызды және қажетті мамандықтар туралы, бізге көмектесетін, қорғайтын, құтқаратын – бір сөзбен айтқанда, әлемді жақсарта алатын адамдар туралы көбірек білгендерін қалаймыз. Бүгін біз "Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесіне экскурсияда болып, Ұлы Отан соғысынан бастап бүгінгі күнге дейін материалдар жинақталған мұражайға, криминалистика бөліміне барып, балаларға криминалистер жұмысының қыр-сырын көрсеттік. Біздің балаларды полиция бөлімінің аумағында орналасқан спорт алаңында жаттығуға шақырды. Полицей мамандығы-өте күрделі, мұнда жақсы дене дайындығы, психологиялық төзімділік, батылдық, ұстамдылық, байқағыштық, тез шешім қабылдау және әрекет ету, адамдармен байланыс табу қабілеті қажет.

Полицей – қауіптен қорықпайтын және қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосуға дайын адам.