Мақсаты: білім алушылардың жобалық робототехника саласындағы шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау және дамыту.
Конкурстың міндеттері:
- білім алушылар арасында техникалық шығармашылықты дәріптеу, білім беру робототехникасын дамытуға жәрдемдесу;
- дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау мен қолдау және оларды робототехника саласындағы шығармашылық қызметпен таныстыру;
- роботтық жүйелерді әзірлеу мен бағдарламалау бойынша тәжірибе және идеялар алмасуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың шығармашылық өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылысын қолдау;
- өскелең ұрпақтың кәсіби бағдары.
2022 жылғы 13 желтоқсан күні «Robotics» жобалық робототехника бойынша аудандық байқауы өтті. Байқауға «Robotics» білім беру үйірмесінің 12 оқушысы, «Станция НМ» КММ-нің 6 оқушысы және «Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 6 қатысушысы қатысты.
Байқау 3 кезең бойынша өтті: робот дизайны, кегель-ринг және робо сумо.
Қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша бірінші орын «Абай атындағы мектеп-лицейінің» оқушылары Латанский Савелий, Куанышев Арлан марапатталды. Екінші орын «Абай атындағы мектеп-лицейінің» оқушылары Платков Дмитрий, Шуншалинов Алматқа және 3 орын «Станция НМ» оқушылары Гайсина Ника мен Амангелдинова Аидаға бұйырды.
Балалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды




