2025 жылдың 1 шілдеде "Жаз шақырады" жазғы бағдарламасын іске асыру аясында балалардың жазғы бос уақытын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, Жітіқара Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогтері Жітіқара қаласының 5 “в” шағын ауданы 7 үйінің ауласында "Біз тұратын аула" жылжымалы шығармашылық зертханасының жұмысын ұйымдастырды. Осы зертхана жұмысы аясында балалармен "Бірге билейміз" би флешмобы, "Твистер" және "Дженга" ойындары өткізілді. "Біздің ауланың үздік суретшісі" сурет байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары: Тулеген Нурали, Ушакова Ульяна, Аюпова Сафия, Аюпова Амира, Аюпова Райяна, Путилова Дарья, Госс Татьяна, Өтеміс Айару. Іс-шараның 29 қатысушысы бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізді.




