Біздің Ұлы даламыз, Отанымыз өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз мемлекет жоқ. Біздің еліміздің тарихында қаншама батыр ата бабамыз бар. Оларды біз ешқашан ұмыта алмаймыз, себебі дәл казіргі біздің бақытты күндеріміз, ашық аспан мен жарқыраған күннің астындағы өмірді сол жандар бізге сыйлаған. Дәл осы жайт мені шабыттандырған еді.
Мен 2018-2021 оқу жылдары аралығында өздігінен білім алу жоспарым бойынша, «Дала шабандозы» атты ұлттық нақыштағы батыр киімінің үлгісін жасау жоспарда болды. Жоспар бойынша ашық сабақтар сериясы мен аудандық семинарларға қатысып білімімді шыңдадым. 2019-2020 оқу жылында облыстық «Жас дарын» көрмесіне «Дала шабандозының» киім үлгісін көрсетілімге шығарып, жүлделі орынға ие болдық. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына жариялаған болатынбыз. Биыл жоспардың соңғы жылында шағын сән көрсетілімі өтті. Сән көрсетіліміне балалар шығармашылық үйінің директоры Колядина Е.К. және директордың оқу және тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Жаксыбаева Г.К. қатысты. Сән көрсетіліміне 4 костюм ұсынылды. Әр костюм қайталанбас ерекшелігімен көзге түсіп өзіңдік орын алды.Әр костюм жасанды және таза былғарыдан тігіліп, оюланып, әшекейленіп безендірілген.Сән көрсетілімінің соныңда Балалар шығармашылық үйінің директоры Колядина Е.К. сөз сөйлеп жылы лебізін білдіріп шығармашылық табыс тіледі.
Дәл осы «Дала шабондозы» жұмысым арқылы, ішкі дүниемді, ойларымды, кең даламыздың батырларына деген рахметімді білдіре алдым деп ойлаймын.
Балалар шығармашылық үйі
«Пішу және тігу» студиясын жетекшісі
Қайырлап Ұлболсын Қуандыққызы




